Ақтауда балалар ойын және спорт алаңдарында дезинсекция жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы аумағындағы балалар ойын және спорт алаңдарында зиянкестердің таралуының алдын алу мақсатында жоспарлы дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді.

Аталған шаралар Ақтау қаласында, «Ақжелкен» тұрғын алабында және Өмірзақ ауылында жүзеге асырылды.

— Бұл жұмыстарды мемлекеттік лицензиясы бар мамандандырылған ұйым — «Дезинфекция Нұр-Ару» ЖШС жүргізуде. Қолданылып жатқан препараттар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген әрі тұрғындар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз, — деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1237666?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version