Шілік ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шілік ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өтті. Іс-шараға округ әкімдігі қызметкерлері мен мекеме мамандары қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі ашық орындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Кездесуде қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы айтылып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында ашықтық пен жариялылық қағидаттарын нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметшілерді заң талаптарын сақтауға, кәсіби әдептілік пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануға шақырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың мемлекетке деген сенімін арттырудың маңызды тетігі. Осы бағыттағы жұмыстар Шілік ауылдық округінде алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1237667?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version