Заң мен тәртіп: облыс көлемінде «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8-12 маусым күндері аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 📍Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізге келген шетел азаматтарының құқықтарын сақтай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауын бақылау. Сонымен қатар, іс-шара барысында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзу деректерін анықтау, азаматтарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу, онда болу және кету қағидаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ⚖️ Полиция азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1237045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version