🏥 №5 Қалалық клиникалық ауруханасында жұмыс кеңесі өтті
📅 2026 жылғы 2 маусымда емдеу-профилактикалық ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында №1 МӘС бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске бас дәрігердің орынбасары, ДКК төрайымы және емхана дәрігерлері қатысты.
📊 Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
🔹 жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар арасында мүгедектікке алғаш шығу көрсеткіштері;
🔹 ішінара және толық оңалту көрсеткіштері;
🔹 мүгедектік дәрежесінің ауырлау жағдайлары;
🔹 мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері.
✅ 2026 жылдың І тоқсанында №5 ҚКА бойынша 110 мемлекеттік қызмет көрсетілді. МӘС-ке негізсіз жолдау фактілері тіркелген жоқ.
📝 Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
🔸 031/у нысанын сапалы толтыру;
🔸 сырттай-проактивті куәландыру (СПК) мәселелері;
🔸 қайта куәландыру мерзімдерін сақтау;
🔸 нақты нозологиялар бойынша клиникалық-функционалдық зерттеулерге қойылатын талаптар.
♿ Сонымен қатар, балалар церебралды сал ауруы (G80) диагнозы бар азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау мәселелері қаралды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін пациенттер СПК рәсіміне қайта бағытталды.
🏖️ Кеңесте мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну кезінде медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді дұрыс бағалау мәселелері де талқыланды.
⚠️ Санаторийлік-курорттық емдеу қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге қатаң сәйкес тағайындалуы тиіс екені атап өтілді.
📚 Кездесу барысында барлық сұрақтар бойынша түсіндірмелер беріліп, тәжірибелік мысалдар келтірілді.
📌 Кеңес қорытындысы бойынша:
✔️ азаматтарды МӘС-ке уақтылы әрі негізді жолдауды бақылауды күшейту;
✔️ сырттай-проактивті куәландыруға уақытылы жолдау жұмыстарын жандандыру;
✔️ анықталған кемшіліктер бойынша медицина қызметкерлерінің жеке жауапкершілігін қарастыру тапсырылды.
🤝 Медициналық ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің бірлескен жұмысы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1236270?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау