ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛАР ИГІ ІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жалағаш кентінің орталық алаңында тал егу акциясы ұйымдастырылып, игі шараға мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған түлектер белсене қатысты.
Туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісін танытқан азаматтар кенттің көркеюіне өз үлестерін қосып, орталық алаңға көшеттер отырғызды. Бұл – тек тал егу ғана емес, келер ұрпаққа өнеге болатын тағылымды іс.
Осындай сауапты бастамаға атсалысқан барша түлектерге алғыс білдіреміз!
Туған жердің тазалығы мен жасыл желекке айналуы – баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1236271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version