2026 жылғы 15 мамыр күні Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейінде Халықаралық отбасы күніне орай ата-аналар арасында тағылымды кездесу ұйымдастырылып, «Бірлігі жарасқан отбасы» атты отбасылық эстафеталық сайыс өтті. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталды.
Шараға Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Бимендина Әсима Темкеқызы, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әділбай Серік Тәукеұлы, қадірлі ұстаздар, қоғам қайраткерлері, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Сайыс барысында 6-сынып оқушыларының отбасылық командалары ұйымшылдық, белсенділік, тапқырлық пен ептіліктерін көрсетті. Қатысушылар түрлі эстафеталық кезеңдерден өтіп, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен қолдаудың маңызын айқын көрсете білді.
Кездесу барысында спикерлер отбасының бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, берекелі отбасы – қоғамның басты құндылығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға отбасындағы тәрбие, бірлік пен мейірімнің маңызы түсіндірілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға және қоғамдағы жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1235893?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау