Халықаралық отбасы және Аналар күні аясында «Анаға тағзым» аллеясының ашылу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында Халықаралық отбасы және Аналар күні аясында «Анаға тағзым» аллеясының ашылу рәсімі өтті.

Іс шараға қоғам белсенділері және көпбалалы аналар қатысып, 50 түп ағаш отырғызды.

Шара барысында отбасы құндылықтарын, аналардың қоғамдағы ерекше рөлін және ұрпақ тәрбиесінің маңызын насихаттауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне салтанатты түрде марапаттар табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы ананың мәртебесін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1235892?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version