Қоржында екі алтын медаль

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Түркістан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден жасөспірімдер, U23 жас санаты және параканоэ бойынша Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды. Құрлық додасында ел намысын қорғаған спортшылар тартысты бәсекеде өз шеберліктерін көрсетуде.

Жарыстың алғашқы күндерінен-ақ Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерімен көзге түсіп отыр. Әсіресе, талантты спортшы Стелла Суханова U23 жас санатында қос бірдей алтын медаль жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантты.

200 метр қашықтықтағы байдарка жарысында мәреге бірінші болып жеткен Стелла қарсыластарына дес бермеді.

Ал 1000 метрлік сайыста да жоғары шеберлік танытып, чемпиондық тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Осылайша, Шымкент қоржынына екі алтын медаль түсіп, жерлесіміз Азия чемпионатындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Спортшымызды жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1235776?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version