ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ерекше атап өтілді. Мерекеге орай, «Шымсити» саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымы мерекелік кеш өткізді. Концерт барысында көрерменге ұлттық өнерден сыр шертетін ерекше бағдарлама ұсынылды.

Мерекелік кеш Еділ Құсайыновтың «Бұлбұл заман» шығармасымен ашылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған рухты әндермен жалғасты. «Қаратау» фольклорлық ансамблі мен Вокалды-аспаптық ансамбль ұлттық нақыштағы күйлер мен халық әндерін орындады. Ал, «Қазына» және «Яссы» би ансамбльдері әсерлі хореографиялық қойылымдарын сахналады. Сондай-ақ, кеште «Өркен», «МузМен» топтары және басқа да жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқады.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік кеш шымкенттіктерге ерекше рухани әсер сыйлады. Ұлттық өнер мен патриоттық әндер ұлықталған концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдік пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1235782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version