«Таза Қазақстан» акциясы аясында «TAZA AIMAQ» экологиялық фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

♻️ Фестиваль жастар арасында экосананы қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті дәріптеген ауқымды алаңға айналды.

Қатысушылар экологиялық интерактивтер мен ойындарға белсене қатысып, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы пайдалы ақпаратпен танысты.

♻️ Велошредерлер арқылы пластикті өңдеу процесіне атсалысып, экологиялық ойындар мен шеберлік сабақтарында белсенділік танытты. Эко-жәрмеңке мен концерттік бағдарлама фестивальдің мазмұнын толықтыра түсті.

Фестивальге облыс әкімінің орынбасары Ә.Ү. Әлденей қатысып, аталған бастаманың өңір жастары арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтіп, өз сөзінде: «Нағыз өзгерістер – жауапкершілік адамның ішкі қажеттілігіне айналған кезде басталады», – деді.

Іс-шара барысында белсенді қатысушылар марапатталып, фестиваль қорытындысында лотерея ойнатылды. Нәтижесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1238130?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version