Республикалық маңызы бар «Алматы–Екатеринбург» тас жолының бойында орналасқан шаруа қожалықтарының иелерімен кезекті профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты:
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мал ұрлығына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Арнайы жұмысшы топ құрамында:
Б. Макашев – ветеринариялық дәрігер;
К. Рысбекова – ветеринария саласының маманы;
Ж. Акшалова – әкімдік аппаратының бас маманы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шаруа қожалықтарының иелеріне келесі талаптар қатаң ескертілді:
Қараусыз қалдырмау: Ауыл шаруашылығы малдарын тас жолдың бойына жақын жерде бағусыз жібермеу;
Жарық шағылыстырғыш тағу: Түнде көлік жүргізушілеріне алыстан көрінуі үшін малдарға арнайы жарық шағылыстыратын ленталар (ошейниктер) тағу;
Жауапкершілік: Жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін заң жүзіндегі жауапкершілікті сезіну.
📢 Құрметті жерлестер, мал иелері!
Төрт түлігіңізге ұқыпты қарау – сіздің ғана емес, жолдағы жүздеген жолаушының өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238128?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау