Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі
Жазғы демалыс – серуендеудің, белсенді ойындардың және таза ауада демалудың тамаша кезеңі. Осы уақытта балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізіп, достарымен араласып, өз бетінше әрекет етуге дағдыланады.
Ата-аналар назарына! Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөліңіз:
– аулада, жол бойында және су айдындарының маңында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріңіз;
– велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану жолдарын ескертіңіз;
– күн сәулесінен қорғану шараларын сақтаңыз;
– жеке бас гигиенасын ұмытпаңыз;
– қауіпсіз әрі сапалы тамақтануды қадағалаңыз.
Баланың жеткілікті мөлшерде су ішуіне және уақытылы тамақтануына назар аударыңыз.
Балалар арасындағы көптеген жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады. Ол үшін бала қауіп-қатерді түсініп, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ете білуі және көмек сұрайтын адамдарды білуі қажет.
Ересектердің бақылауы мен қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруы – баланың денсаулығы мен амандығын сақтаудың маңызды кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1235613?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау