Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі

Жазғы демалыс – серуендеудің, белсенді ойындардың және таза ауада демалудың тамаша кезеңі.  Осы уақытта балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізіп, достарымен араласып, өз бетінше әрекет етуге дағдыланады.

 Ата-аналар назарына! Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөліңіз:
 – аулада, жол бойында және су айдындарының маңында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріңіз;
 – велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану жолдарын ескертіңіз;
 – күн сәулесінен қорғану шараларын сақтаңыз;
 – жеке бас гигиенасын ұмытпаңыз;
 – қауіпсіз әрі сапалы тамақтануды қадағалаңыз.

Баланың жеткілікті мөлшерде су ішуіне және уақытылы тамақтануына назар аударыңыз.

Балалар арасындағы көптеген жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады. Ол үшін бала қауіп-қатерді түсініп, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ете білуі және көмек сұрайтын адамдарды білуі қажет.

Ересектердің бақылауы мен қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруы – баланың денсаулығы мен амандығын сақтаудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1235613?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді