Әке – отбасының қорғаны, баланың мақтанышы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әкелер күніне орай Еңбекші АПБ ҚҚб ЮПТ аға УПИ полиция майоры Себаев Нұрсерік Қалдыбекұлының өнегелі әкелік болмысы мен отбасы құндылықтарын дәріптеудегі үлгісі ерекше аталып өтті.

Қоғам тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген Нұрсерік Қалдыбекұлы үшін отбасы – өмірдегі басты құндылықтардың бірі. Қызметтен тыс уақытта ол балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың әр жетістігіне қолдау көрсетіп келеді.

Жауапкершілік, адалдық және еңбекқорлық қағидаларын өмірлік ұстаным еткен ол тек қызмет саласында ғана емес, отбасы тәрбиесінде де үлгі бола білуде.

Әке тәрбиесі – ұрпақ болашағының негізі. Осындай өнегелі әкелер қоғамда отбасы құндылықтарын нығайтып, жас ұрпаққа дұрыс бағыт береді.
Әкелер күніне орай барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, татулық және бақ-береке тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1241446?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version