Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Әдеп жөніндегі кеңес отырысына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жыл 28 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Әдеп жөніндегі кеңес отырысына қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

🔹 Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары талқыланды;
🔹 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қарастырылды;
🔹 Тәртіптік практиканы талдау қорытындылары сараланды.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметтегі ашықтықты қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы маңызды мәселелерге назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241445?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version