Атырау облысында жаңа полиция бөлімшесі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Атырау облысының Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде тәртіп сақшыларына арналған жаңа ғимарат салтанатты түрде пайдалануға берілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын полиция қызметкерлері үшін бой көтерген жаңа нысан заманауи талаптарға толық сай жабдықталған.

     Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев, Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов және жеке құрам қатысты.

     Жаңа полиция бөлімшесі қызметкерлердің тиімді әрі сапалы жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Ғимарат заманауи техникалық құралдармен жабдықталып, құқық қорғау қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда уақытша ұстау камералары мен бейнебақылау жүйелері орнатылған.

     Қазіргі таңда Доссор полиция бөлімшесінде 18 қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқаруда. Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуі құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, полиция қызметінің сапасын арттыруға және халықпен өзара байланысты одан әрі күшейтуге септігін тигізеді.

     Іс-шара соңында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаңа бөлімше аумағына тал көшеттері отырғызылды. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғауға, елді мекеннің көркеюіне үлес қосып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1240831?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version