БЕЛИКОВА ЕЛЕНА НИКОЛАЕВНА
Медицина қызметкері күні қарсаңында алғыс сөзімізді Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Беликова Елена Николаевнаға арнаймыз.
Елена Николаевна еңбек жолын 1988 жылы Павлодар медициналық училищесін «Санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін бастады. Кәсіби қызметіндегі алғашқы қадамдарын Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істеуден бастады.
Еңбек жолында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің түрлі лауазымдарында қызмет атқарды, оның ішінде дезинфекциялық бөлімшені басқарып, қоғамдық денсаулықты қорғау саласында мол тәжірибе мен терең білім жинақтады. 2004 жылдан бастап Елена Николаевна Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі болып табылады. Оның кәсіби қызметі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу және халық денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған.
Көп жылғы адал еңбегі және санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.
Көптеген жылдар бойы ол таңдаған ісіне адал болып келеді және жауапкершілігі жоғары, ізгі ниеттілігімен әрі кәсіби білімімен бөлісуге әрдайым дайын болуының арқасында әріптестері арасында зор құрметке ие болды.
#МеніңСүйіктіДәрігерім
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1240832?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау