«Қоқыссыз ауыл – өркениетті қоғам белгісі.»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Осы игі шара аясында Ақшоқы ауылдық округінде көше бойларындағы қоқыстар тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы қоқыс үйінділеріне тасып шығарылды. Бұл жұмыстар ауылдың көркеюіне, санитарлық жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің кепілі. Сондықтан мұндай экологиялық акциялар қоршаған ортаға жанашырлық танытып қана қоймай, қоғамда тазалық пен тәртіп мәдениетін нығайтады. Ақшоқы ауылдық округінің тұрғындары мен белсенділері бірлесе атқарған бұл жұмыстар туған жерге деген құрметтің және ортақ іске деген жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады.
«Таза Қазақстан» – бүгінгі тазалық қана емес, келер ұрпаққа таза әрі көркем орта қалдыруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1241691?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version