2026 жылдың 12 маусымда Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д. Султанбеков және бөлімнің бас маманы Р. Норматовамен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен «Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтері қайта тіркеу», «Қоғамдық бірлестікті құру тәртібі», «Жылжымайтын мүлікке (құқықтар ауыртпалықтарын) құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу» және «Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыптарында онлайн семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес қатысушыларына Қазақстан Республикасының Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1241083?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау