Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде 2026 жылдың 12 маусымында департаменттің әдеп жөніндегі өкілі Қ. Ерғазиновтың ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыста мемлекеттік еңбек инспекторларына жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау, жоспардан тыс тексеру жүргізу, жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды ескертіп, жемқорлыққа жол бермеу қағидалары түсіндірілді.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, жұмыс орнында, жұмыстан тыс уақытта, күнделікті өмірде әрбір мемлекеттік қызметшінің жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілікті ұстануы және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу қажеттілігі тапсырылды.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген талаптар мен шектеулерді сақтап, қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы қатаң ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1241084?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау