Бүгін Департамент басшысы М.Бекмағанбетов департамент қызметкерлерімен аппараттық жиын өткізді.
Жиында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, алдағы уақытта білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау жұмыстары, мониторинг жүргізу барысы, сондай-ақ, маусым айында білім беру ұйымдарына өткізілетін мемлекеттік аттестаттау мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мамандардың есептері тыңдалып, алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.
Департамент басшысы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және бақылау іс-шараларын уақытылы әрі нәтижелі жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, «Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысының ережелері талқыланды.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау