Ордабасы ауданында жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда аудан әкімі Азат Оралбаев жастармен ашық форматтағы кездесу өткізіп, жас буынның ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жастар сарайы ғимаратында өткен кездесудің басты мақсаты – жастармен кері байланысты нығайту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау.
Іс-шара аясында аудан әкімі мемлекеттік грант иегері атанған жас кәсіпкерлердің көрмесін аралап, жастардың қолынан шыққан өнімдермен танысты. Сондай-ақ кәсіп иелерімен пікір алмасып, олардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында жастар ауыл өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, спорттық және мәдени іс-шаралардың санын арттыру, сондай-ақ қоғамдық бастамаларды қолдау қажеттігі жөніндегі ойларын ортаға салды.
Жиынға Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Әділет Әбухайыров пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхақ қатысып, жастармен жұмыс бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Аудан басшысы жастардың қоғам дамуындағы рөлін ерекше атап өтіп, олардың белсенділігі мен тың идеялары өңірдің өркендеуіне серпін беретінін жеткізді. Сондай-ақ аудан көлеміндегі барлық елді мекен жастарын қоғамдық өмірге белсене араласып, түрлі бастамаларды жүзеге асыруға шақырды.
Бүгінде Ордабасы ауданындағы жастар саны 38 799 адамды құрайды. Оның ішінде 21 874-і – ер азаматтар, 16 925-і – әйелдер. Бұл көрсеткіштер ауданның демографиялық әлеуетінің жоғары екенін айқындап, жастар саясатын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Алдағы кезеңде аудан көлемінде жастарға арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жобасы, «Dala Fest» жастар фестивалі, «Таза ауылым» экологиялық акциясы және Free Work форматындағы еңбек және мүмкіндік алаңдары өткізіледі.
Кездесу қорытындысында аудан әкімі Азат Оралбаев жастармен ашық диалог алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, көтерілген ұсыныстардың барлығы назарға алынатынын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1242024?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау