КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ АУДАННЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық қауіпсіздік және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар және білім беру салаларының жетекшілері, ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшылары қатысты.
✔️Күн тәртібіне орман және дала өрттерінің алдын алу, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары, жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу деңгейі енгізілді.
✔️Алғашқы мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары Ермахан Тастанбек баяндама жасап, жазғы кезеңдегі қауіпсіздік шараларының орындалуы туралы ақпарат берді.
✔️Мәжіліс барысында аудан әкімі бірнеше ауылдық округте шомылу маусымындағы қауіпсіздік талаптарының тиісті деңгейде сақталмай отырғанын атап өтіп, жауапты тұлғаларға қатаң ескерту жасады. Әсіресе, суға түсу орындарында қауіпсіздік белгілерін орнату, ескерту тақтайшаларын орналастыру, тұрғындар арасында алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі тапсырылды.
✔️Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аудан аумағындағы санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жай-күйі сараланды. Слайдтар арқылы ұсынылған талдау нәтижесінде Бадам, Қажымұқан және бірқатар ауылдық округтерде тазалық жұмыстарының талапқа сай жүргізілмегені айтылды. Осыған байланысты анықталған кемшіліктерді осы апта ішінде толық жою және елді мекендерді ретке келтіру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
✔️Жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ташимова Патима Қайымқызы баяндама жасап, жобалардың орындалу деңгейі жөнінде мәлімет берді. Өз кезегінде аудан әкімі инвестициялық бастамаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
✔️Облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу деңгейі де күн тәртібінде қаралды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Тұреев Маратбек Күмісбекұлы баяндама жасап, берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді
✔️Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды, анықталған кемшіліктерді қысқа уақыт ішінде жоюды және әр бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1242023?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version