Бостандық ауданындағы ХҚКО-да апостиль қою тәртібіндегі жаңашылдықтар түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Бостандық ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, апостиль қою тәртібіндегі өзгерістер мен құжаттарды рәсімдеу талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында апостиль қоюға қатысты мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіндегі өзекті өзгерістер, өтініштерді қабылдау және қарау ерекшеліктері, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу кезінде жиі кездесетін мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар қатысушыларға халықаралық құжат айналымы саласындағы талаптар түсіндіріліп, апостиль қою рәсімін жүзеге асыру кезінде заңнама нормаларын бірізді қолданудың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара барысында ХҚКО қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелік ұсынымдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1242091?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version