Бұланды ауданының Макинск қаласындағы мектеп-лицейде «Қауіпсіз жол – балалар үшін» профилактикалық акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру тәртібі, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, балалармен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі мен жеке қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Акцияның негізгі мақсаты – оқушылар арасында жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1242092?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version