«Инфрақұрылымды одан әрі дамыту өнеркәсіптің өсуіне, экспорт көлемінің ұлғаюына және мемлекеттің транзиттік әлеуетінің нығаюына тікелей әсер етеді. Теміржол саласында біз үш негізгі бағытты бөліп қарастырамыз, олар – локомотивтер паркі, вагондар паркі және магистральдық желі. Мұндағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілуде, ал басты мақсат — өткізу қабілетін арттыру және тасымалдауға болашақ сұранысты қамтамасыз ету»,
— деп атап өтті министр. Оның айтуынша, 2014-2019 жылдар аралығында елімізде сүйрегіш жылжымалы құрамды сатып алу көлемінің төмен болуына байланысты локомотив тапшылығы қалыптасқан. Жағдайды түзеу үшін соңғы жылдары жаңарту бағдарламасы іске қосылды. Отандық өндірістің жаңа локомотивтерін тасымалға қосу 2028 жылға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда жаңартылған парк тасымалдаудың ағымдағы қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етіп отыр. Жүргізілген жұмыстың арқасында локомотивтердің тозу деңгейін 74%-дан 49%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, сүйреу паркінің орташа жасы – 30-дан 21-ге дейін айтарлықтай қысқарды. Жаңғырту жұмыстары еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық өсуі үшін сенімді база қалыптастыра отырып жалғатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1241781?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау