Зеренді ауданының аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз жол – балалар үшін» профилактикалық акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін, жазғы демалыс кезеңінде су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау түсіндірілді.
Балаларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын құрметтеу жөнінде профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1241782?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау