ХАБАРЛАНДЫРУ! Қараөткел ауылдық округі бойынша жер кезегіндегі азаматтардың назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты жер учаскесін алу кезегіне қатысты мәліметтерді өзектендіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

2003 жылдан бастап жер учаскесін алу жөніндегі өтініштер қағаз түрінде қабылданып, кейін электрондық ақпараттық жүйеге енгізілген.
Қазіргі таңда деректерді көшіру және жүйелеу барысында жекелеген азаматтардың мәліметтері (ЖСН, аты-жөні, байланыс деректері немесе өтініш туралы ақпарат) толық емес екені анықталды.

Осыған байланысты, егер Сіз бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ қазіргі ақпараттық жүйеден өз мәліметтеріңізді таппасаңыз немесе ақпарат толық емес көрсетілсе, деректеріңізді өзектендіруіңізді сұраймыз.

Өзектендіру үшін:

  • kz порталына кіру;
  • «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөліміне өту;
  • «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау;
  • «Деректерді өзектендіру» өтініш түрін рәсімдеу қажет.

Өзіңізде бар растайтын құжаттарды (өтініш көшірмесі, талон, жеке куәлік көшірмесі және т.б.) қоса тіркеу ұсынылады.

Кезек мәртебесін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы тексеруге болады.

Өзектендіруді қажет ететін азаматтардың тізімі қосымшада жарияланады.

Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты

 

Қараөткел ауылында жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімі

Жаңажол ауылында жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1242673?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version