ШҚО ТЖД табиғи өрттердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Профилактикалық рейдтік іс-шараларды құрамына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері мен орманшылар кіретін мобильді топтар жүргізуде. Өрт қауіпті кезең басталғалы бері 387 рейд өткізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін 153 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 95 дөңгелек үстел, 104 тұрғындармен кездесу және 1454 нұсқама ұйымдастырылды.

Рейд барысында құтқарушылар қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, отпен абайсыз әрекет етудің салдары туралы ескертеді.

Өрт қауіпті кезең басталғалы бері облыс аумағында жалпы ауданы 5,81 гектарды құраған 9 орман өрті және 418 гектар аумақта 37 дала өрті тіркелді.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында, Самар, Зайсан және Күршім аудандарында өрт қауіптілігінің 5-сыныбы сақталуда.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының мамандары орманды-дала аймағындағы өрттің өте жылдам таралатынын атап өтті. Сондықтан оны болдырмаудың ең тиімді жолы – алдын алу. Желді ауа райында төменгі өрттен ұшқан көптеген ұшқындар аласа шыршалардың бұтақтарына түсіп, ағаштардың ұшар басына дейін жетуі мүмкін. Осылайша ең қауіпті әрі сөндіруі қиын жоғарғы өрт пайда болады.

ШҚО ТЖД азаматтарды орман және дала алқаптарында болған кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің негізгі себептері – халықтың отпен абайсыз әрекет етуі, сөндірілмеген темекі тұқылы, алау, жанған сіріңке, майланған шүберек, күн сәулесін шағылыстыратын шыны бөтелке, көлік құралдарының дыбыс бәсеңдеткішінен шыққан ұшқындар, құрғақ шөпті өртеу, сондай-ақ найзағай разрядтары.

Табиғат аясына және саяжай учаскелеріне шығатын тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігі ескертіледі:
• ашық аумақта болған кезде шөпті өртемеу;
• орман алқаптарында от жақпау;
• балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру;
• жол жиегімен жүрген кезде автокөлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамау;
• өртті байқаған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарлау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1242675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version