ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 18 маусым күні сағат 16.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LІІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

 Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

1.«Индер ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 тамыздағы №46-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2.«Индер ауданы бойынша терроризмге қарсы іс-қимыл комиссиясының құрамы туралы» Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №70-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.«Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қазандағы №147-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Сансызбаев Айболат Саламатұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы.

2.Басқа да мәселелер.

Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 18 маусым күні сағат 14.30-да аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

Индер аудандық мәслихатының аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1242721?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version