Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңашылдықтар қызметкерлер назарына ұсынылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 жылғы 17 маусымда Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар қаралған тақырыптарға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1242644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version