2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Құжатта арнайы салық режимдерін оңтайландыру көзделген.
«2026 жылдан бастап үш арнайы салық режимі қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим және шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы режим. Өзгерістердің негізгі мақсаты – салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін барынша түсінікті жағдай жасау», – деді Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Шынкусхан Есмуханов.
Негізгі өзгерістердің қатарында жекелеген салық режимдерін біріктіру, тіркелген шегерімді қолданатын режимді алып тастау, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы режимді сақтай отырып, оның салық салу тәртібін жаңарту қарастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1242646?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау