«Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің және Алматы және Жетісу облысының арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысып, көрмемен танысты. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары да құқықтық және рухани-адамгершілік бағыттағы әдебиеттерге қызығушылық танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Көрменің мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамгершілік, әділеттілік, азаматтық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау болды. Көрме барысында құқықтық мемлекет, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызмет әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған заңнамалық және ғылыми әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар қазақ халқының рухани мұрасын дәріптейтін Абайдың қара сөздері, классикалық және заманауи қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары қойылып, олардың адамгершілік, адалдық, әділеттілік, отансүйгіштік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды насихаттайтын мазмұны таныстырылды. Сондай-ақ құқықтық бағыттағы мерзімді басылымдар көрмеге қойылып, келушілерге құқықтық және рухани мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әдебиеттер кеңінен таныстырылды.

Көрме оқырмандардың заң мен құқықтық тәртіптің, адалдық пен әділеттіліктің қоғам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуіне және рухани-адамгершілік құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1242715?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version