Полицейлер мен тұрғындардың жедел әрекеті адам өмірін сақтап қалды
Өскемен қаласында облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды.
Қызметтік ауысым аяқталғаннан кейін патрульдеу бағытынан Әкімшілік полиция басқармасына қарай келе жатқан ПА-447 экипажының қызметкерлері – полиция аға лейтенанттары Олжас Жансолтанов пен Адай Құрметов понтон көпірінде қоршау маңында тұрған ер адамды байқайды.
Полицейлер бірден тоқтап, азаматқа қарай бет алған. Осы сәтте оқиға орнының маңында болған бейжай қарамаған тұрғындар да көмек көрсетуге жұмылған.
Полицейлер мен қала тұрғындарының батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, ер адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарылған азамат Өскемен қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Кейін оған қажетті көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Аталған оқиға полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы адам өмірін сақтап қалуда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1242239?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау