Бүгін Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес “Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №35-3 “2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы” шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Л.Есказиева таныстырды. Және де “Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстары туралы” Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бозов хабарлама жасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1242240?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау