Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз жол – балалар үшін» профилактикалық акциясын өткізді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға Жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптары, жолдың жүру бөлігін қауіпсіз кесіп өту тәртібі, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерінің маңында болған кезде сақтық шаралары түсіндірілді.
Жол жүрісі қағидаларын сақтау жөніндегі жеке жауапкершілікке және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға ықпал етеді.
Қала прокуратурасы ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге, оларға жол жүрісі қағидаларын үнемі түсіндіріп отыруға және жеке үлгісі арқылы заңнама талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға шақырады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1242097?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау