Коалиция мүшелері спорт мектебінің спортшылары және ұжымымен өткен кездесуді қазіргі қоғамдағы спорт пен адам құқықтарының өзара байланысын көрсететін маңызды іс-шара. Кездесу жаңа Конституциядағы спорт саласын дамыту, жастарды салауатты өмірге тарту және олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналды. «Жаңа Конституция спорт саласына ерекше көңіл бөледі. Спортшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту, жастарды спортқа тарту арқылы олардың патриоттық тәрбиесін күшейту – маңызды міндеттеріміздің бірі» – деп атап өтті өз сөзінде «Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов. «Respublika» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш адам құқықтары мен жастардың дамуына арналған жаңа нормаларды түсіндіріп, спорт инфрақұрылымын дамыту мен мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын таныстырды. Оның айтуынша, спорт мектебінің ұжымымен ашық диалог орнату, ынтымақтастықты нығайту – осы саладағы негізгі табыс кепілі болып табылады. Кездесу Жаңа Конституциядағы спорттық бастамаларды жүзеге асыру жолында нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттерді анықтауға мүмкіндік берген диалог алаңына айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1242096?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау