Левченко Надежда Борисовна санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 42 жылдық еңбек өтілі бар маман. Иркутск мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1984 жылы Чита облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында бастаған. Кейін Бесқарағай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында жұмыс істеп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау жүйесінде басшылық қызметтер атқарған.
Қазіргі уақытта Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Бесқарағай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында хатшы қызметін атқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1242439?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау