Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіруге бағытталған жиналыс өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен жауапкершілігі түсіндіріліп, қызмет барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1242438?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау