2026 жылдың 18 маусымда аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXIII сессиясы онлайн форматында өтті. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 қазандағы №8-10-52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Насиба Утукқызы Генякова);
2. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Ұйғыр аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №7-37-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Арзигуль Гопурқызы Манапова);
3. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ұйғыр аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №8-14-78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Арзигуль Гопурқызы Манапова);
4. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы «Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органының құрамын бекіту туралы» №7-22-107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Хасенов);
5.Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы «Ұйғыр ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» №8-57-264 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудан әкімі аппаратының басшысы Нұртас Ноғайбекұлы Хасенов)
6.Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы «Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» №8-57-265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудан әкімі аппаратының басшысы Нұртас Ноғайбекұлы Хасенов).
7.Ұйғыр аудандық мәслихаттың төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлыны кезекті еңбек демалысынан кері шақыртып алу туралы.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/1243712?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау