Бүгін «Заң және тәртіп» медиа-жоспары аясында «Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Павлодар облысы Әділет департаментінің Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік аға сот орындаушысы Л.Е. Жакенова тұрғындарға құқықтық консультация беру және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері негізгі тақырыптар ретінде түсіндірілді. Шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1243254?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау