Алматының бас полицейі “Жас сақшы” жобасының алғашқы түлектеріне сертификаттар табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Алматы қаласындағы №87 жалпы білім беретін мектеп базасында құрылған “Жас сақшы” полиция сыныптарының алғашқы түлектеріне арналған салтанатты рәсім өтті.

     Жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіп пен патриоттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жоба бүгінде өз жемісін беруде. Мамандандырылған полиция сыныптарында білім алған алғашқы түлектерге арнайы сертификаттар табысталды.

     Салтанатты шараға Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов қатысып, түлектерді маңызды белеспен құттықтап, сертификаттарды табыс етті. Өз сөзінде ол жобаның өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне ерекше тоқталып, жастарға ақжарма тілегін жеткізді.

– Бүгін сіздер – “Жас сақшы” жобасының алғашқы түлектерісіздер. Бұл тек мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік пен өзгелерге үлгі болудың белгісі. Мектеп қабырғасынан бастап заңдылықты, тәртіпті және қоғамға қызмет етуді таңдауларыңыз – құптарлық қадам. Болашақта араларыңыздан құқық қорғау саласының білікті мамандары шығатынына сенімдімін, – деді Айдын Кабдулдинов.

     Қазіргі таңда Алматы қаласында “Жас сақшы” жобасы аясында 15 полиция сыныбы жұмыс істейді. Бұл сыныптарда оқушылар жалпы біліммен қатар заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, патриотизм және қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды құндылықтарды бойына сіңіреді.

     Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба саналы әрі жауапты азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ болашақ құқық қорғаушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1243252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version