Ағымдағы жылдың 18 маусымында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы М. Шманов уақытша еңбекпен қамтылған мектеп оқушылары мен студенттердің еңбек заңнамасының сақталуы, олардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жаз мезгілінде қалалық саябақтарда уақытша жұмыспен қамтылған азаматтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер туралы ақпарат беріліп, қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар ұсынылды. Департамент тарапынан еңбек заңнамасының негіздері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1243924?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау