Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасарымен кездесу.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 маусымында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын түсіндірді.
Кездесу аясында келесі мәселелер қаралды:
▪️ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары;
▪️ заңдылық, адалдық және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау;
▪️ сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру;
▪️«Заң мен Тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы;
▪️ лудоманияның және ойынға тәуелділіктің өзге де түрлерінің алдын алу;
▪️ құмар ойындардың әлеуметтік және қаржылық теріс салдары;
▪️ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары;
▪️ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен заңнама талаптарын сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігін арттыру.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған жауапты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1243925?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version