Атбасар ауданының прокуратурасы полиция және төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағындағы су айдындарында «Қауіпсіз жағалау» акциясын өткізуде.
Акция барысында тұрғындармен судағы қауіпсіздік қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда.
Аудан аумағында шомылуға рұқсат етілген ресми орындар жоқ екенін еске саламыз. Қалалық «Солдат жағажайы» рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты уақытша жұмыс істемейді.
Өз кезегінде, тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін ескертеміз.
Азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және су айдындарында сақ болуға шақырамыз.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1244173?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау