Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерінің қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары қарастырылды.
Кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ ұжымда адалдық, заңдылық қағидаттарын және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1244174?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау