«Ішімдікке қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің кепілі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылащы ауылдық округінде «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Ішімдікке қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қызылащы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы, мәдениет үйінің қызметкерлері, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы және ауыл тұрғындары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың адам денсаулығына, отбасы тәрбиесіне және қоғамдық тәртіпке тигізетін кері әсері талқыланды. Сонымен қатар, масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Қатысушылар қоғамда алкогольге тәуелділіктің алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара соңында тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1244175?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version