Аттестат тапсыру рәсімі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі шарада Округ әкімі Руслан Кенесжанұлы мен мектеп директоры Сахметова.Қ  мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, “Алтын белгі” мен “Үздік аттестат” иегерлерін салтанатты түрде марапаттады. Бүгін біздің аялап өсірген ұл-қыздарымыз өзінің өмір жолындағы ең басты қадамын басқалы отыр. Бұл шараға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар қатысып отыр. Қазіргі түлектеріміз – ертеңгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. «Мен жастарға сенемін» демекші, біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Еліміздің көк байрағын көкте желбірете беріңіздер! Қымбатты ата-аналар! Бұл көптен күткен сәт. Бала өсірген соң, оған сапалы білім беру басты мақсатымыз болды. Ақ сүтіңіз ақталып, ұл-қыздарыңыз абырой биігінен көрініп отыр. Сіздердің бұл еңбегіңізге алғысым шексіз! Сонымен қатар, бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Атыңызды оздырып, елінің намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1243421?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version