«Таза Қазақстан» акциясы аясында Маңғыстау облысында 27 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Маңғыстау облысында қарқынды түрде жалғасуда. Акцияның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу, қоршаған ортаны ластаудың жолын кесу және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Акция басталғалы бері өңірде полиция қызметкерлерінің қатысуымен 1937 рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдтік жұмыстарға 235 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылғы 15 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 27 308 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  • Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзудың 21 156 дерегі;

  • Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 6 152 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар, облыс аумағында 27 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

Құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу фактілеріне ерекше назар аударылуда. Жүргізілген іс-шаралар барысында қалдықтарды белгіленбеген орындарға төккен 29 жүк автокөлігі анықталды. Оның 27-сі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Маңғыстау облысының полициясы өңір тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және абаттандыру қағидаларын қатаң ұстануға шақырады.

Таза қоршаған орта – әрбір азаматтың жауапкершілігі және ортақ міндеті!

https://www.instagram.com/reel/DZrzN4UuIxi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1243420?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version