2026 жылғы 4 маусымда «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Тұрғындар аманаты» партиялық жобасы аясында азаматтардың құқықтарын қорғау және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко, Әділет басқармасының, тұрғын үй инспекциясының өкілдері, сот орындаушылары, нотариустар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының өкілдері, депутаттар және қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқару органдарын тіркеу, пайдалану шығындары бойынша берешекті өндіріп алу, сондай-ақ тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, тұрғын үй қатынастары саласындағы жұмысты жетілдіруге және тұрғындардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірледі.
«Тұрғындар аманаты» партиялық жобасы аясында осындай кездесулер өткізу тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1243228?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау